Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру білу керек
НҰР-СҰЛТАН. 11 наурыз. Елордада мемлекеттік органдар басшыларының, ҮЕҰ өкілдерінің және азаматтық белсенділердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы және қоғамдық бақылауды жүзеге асырудағы азаматтық сектордың рөлі» тақырыбында кездесуі өтті. Бұл туралы rast.kz хабарлады.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов, Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Роман Ким, қалалық ішкі саясат басқармасының үкіметтік емес сектормен жұмыс бөлімінің басшысы Нұрбек Пұсырманов, Қоғамдық кеңес хатшысы Мұхтар Еркетаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің арнайы мониторингтік тобының мүшесі Марат Саттарқұл, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар және қоғам өкілдері қатысты.
Кездесудің модераторы Нұр-Сұлтан қалаық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің арнайы мониторингтік тобының төрағасы Шавкат Исмаилов болды.
Бақытжан Ниязов қазіргі таңда азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қомақты үлес қосып жатқанын және ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау мен бағалау жүргізуге, сондай-ақ жоспарда бекітілген іс-шаралардың орындалу сапасына мониторинг жүргізуге қатысатынын атап өтті.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және құқықтық сауаттылыққа баулу мәселелері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық деңгейін азайту және азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыру бойынша алдын алу шаралары талқыланды.
Соңында 2021 жылға арналған ынтымақтастық жоспары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды.