25 Тамыз, 21:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Департамент квазимемлекеттік секторлар қызметіне көңіл бөледі

12 Наурыз 2021 22:29
- Әлеумет, Жаңалықтар
Департамент квазимемлекеттік секторлар қызметіне көңіл бөледі
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

НҰР-СҰЛТАН. 12 наурыз. Бүгін «Antikor Ortalyǵy»-да Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен елорданың квазимемлекеттік секторларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсқа қатысты жұмыс кездесуі өтті. Бұл туралы департамент баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу орталығының сарапшы-талдаушысы Айбек Қабылдин, сондай-ақ «Astana» ӘКК АҚ, «Астана Теплотранзит» АҚ, «Астана-арнайы қызмет көрсету бюросы» ЖШС, «Астана орманы» ЖШС, «SPK Astana Development» ЖШС, «Астанагорархитектура» ЖШС, «Астана-Технополис» АЭА, «Астана Тазалық» ЖШС квазимемлекеттік секторының комплаенс-офицерлері қатысты.

Аталған мекемелерде комплаенс қызметтері ашылды.

Елорда аумағында 30-дан астам квазимемлекеттік сектор бар.

Бүгінгі күні департаментпен квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша 4 кездесу өткізілді, оған 40-тан астам компания қатысты.

Өз сөзінде Бақытжан Ниязов бизнесті парасатты жүргізудің маңыздылығын атап өтті.

Квазимемлекеттік секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу жөніндегі міндет заңнамалық деңгейде енгізілген және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейді.

Ол аталған жұмыстар комплаенс-қызметтерді құру, оларды білікті кадрлармен жасақтау барлық квазимемлекеттік секторларда жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Айбек Қабылдин ISO 37001 «парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» стандарты және оның негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қалай құруға болатыны туралы толығырақ айтып берді.

«Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институты жүргізілген сәттен бастап академия парасатты бизнес қағидаттарын қалыптастыру бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Ол үшін комплаенс-офицерлерді оқыту модульдері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша ұйымдарды сертификаттау процесі іске қосылды», – деп хабарлады спикер.

Айбек Қабылдин қатысушыларды ISO 37001 стандарты негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құрудың негізгі элементтерімен және кезеңдерімен таныстырды.

Сондай-ақ қатысушыларға өздерін қызықтырған сұрақтар қоюға мүмкіндік беретін ашық диалог өтті.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Таңбалар: елордаквазисыбайлас жемқорлық

Ұқсас мақалалар

Президент басшылардың қызметке жақындарын алуларына тыйым салды
Жаңалықтар

Президент басшылардың қызметке жақындарын алуларына тыйым салды

13.06.2026
Тшанов: Қазақстанда жемқорлық Назарбаевтың басшылығымен басталды
Жаңалықтар

Тшанов: Қазақстанда жемқорлық Назарбаевтың басшылығымен басталды

12.07.2024
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді – семинар
Жаңалықтар

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары жан-жақты түсіндірілді – семинар

31.07.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist