Елордада санитарлық нормалардың бұзылғаны анықталды
НҰР-СҰЛТАН. 10 наурыз. Елордада санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамауға қатысты бірқатар тәртіп бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.
Осының жайы бүгін «Adal Kómek» жобасы аясында өткен Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Мұрат Маратов тікелей эфирде әңгімеледі.
Спикер тікелей эфирде Нұр-Сұлтан қаласында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамайтын нысандарды анықтау бойынша мобильді топтың жұмысы туралы айтып берді.
Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысы және Сарыарқа ауданы әкімінің өкімі негізінде мобильді топ құрылды, оның құрамына аудан әкімдігінің және Сарыарқа ауданының жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері кіреді. Құрам тізімі әкім аппаратының сайтында жарияланған.
Алгоритмге сәйкес, санитариялық – эпидемиологиялық нормаларды сақтамайтын объектілер анықталған жағдайда жұмыс «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 802-бабының тәртібімен жүргізіледі.
Мобильдік топтан жеке және заңды тұлғалардың шектеу іс-шараларын бұзу фактісі бойынша материалдар келіп түскен кезде санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 425-бабының тәртібінде әкімшілік іс қозғау үшін шаралар қабылдайды.
Рейдтік іс-шаралар барысында объектілердің жұмыс режимінің бұзылуы, қоғамдық тамақтану объектілерінің толықтырылуының 50 пайызынан асуы анықталды, маскалық режим сақталмайды және т. б.
Осылайша, сот шешімімен жеке тұлғалар үшін 5 АЕК және заңды тұлғалар үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салумен бір айға қызметі тоқтатылды.
Қазіргі уақытта 4 құқық бұзушылықтар анықталды, олар – ресто – бар, караоке – бар, түнгі клуб және дүкен.
Жалпы, 2021 жылдың басынан бері елордада 47 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 млн.теңгеден астам айыппұл салынды.
Эфир барысында Мұрат Маратов елорда тұрғындарын осындай бұзушылықтар туралы 102 немесе 55-66-00, 55-66-04, 55-74-73 нөмірлеріне хабарлауға шақырды.