Қарулы адамдар Байқоңырға кіруге тырысты
БАЙҚОҢЫР. 7 наурыз. Кеше үш ер адам Байқоңыр қаласының аумағына басып кіру әрекетін жасағандары үшін қамауға алынды. Бұл туралы «Sputnik Қазақстан» хабарлады.
«Байқоңыр қаласының барлық периметрлері бойынша орналасқан бейнебақылау камераларына «қару-жараққа ұқсайтын заттарымен» түсіп қалған үш адам ұсталды», – делінген хабарламада. Кейін анықталғанындай, олардың қолдарында мылтықтар мен шолақ мылтықтар болған екен.
Осылайша полицейлер Байқоңыр қаласында қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған күдіктілерді қолға түсірді.
Қалалық әкімшіліктің қауіпсіздік және режим басқармасының хабарлауынша, «атыс қарулары бар азаматтар тобының қалаға кіру әрекеті тоқтатылған».
«Ресей ІІББ кезекші бөліміне «Байқоңыр» кешенінде «Байқоңырбайланысақпар» мекемесі бейнебақылау бөлімінің технигінен Ақай ауылдық округіндегі бейнебақылау жүйесін мониторингілеу барысында өздерімен бірге қаруға ұқсас заттар алып келе жатқан азаматтар тобының пайда болғаны байқалғаны туралы дабыл келіп түсті», – деп хабарлады қауіпсіздік және режим басқармасы. «Кірген азаматтар жетінші ықшамауданға қарай бет алды, автокөлікке отырды және белгісіз бағытта кеткен».
Полиция жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды және көлік, сондай-ақ видеода тіркелген барлық үш азамат табылды.
«Ұсталған азаматтарды жеке тексеру кезінде олардан 4 патрон және бір ұңғылы тегіс, ұңғылы мылтықтың кесіндісі табылып алынды», – деп хабарлады қауіпсіздік және режим басқармасы. – Көліктің жанында жерден екі ұңғылы тегіс ұңғылы мылтық, тұтқасында 5 патрон болған, кесілген нөмірлері бар белгісіз маркалы травматикалық тапанша табылып, тәркіленді».
Олардан алынған патрондар оқ-дәрілер атуға жарамды екендігі анықталды, шолақ мылтықтар да қолдануға жарамды.
«Байқоңыр кешеніндегі Ресей Ішкі істер министрлігінің тергеу бөлімі Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 222-бабында «қаруды, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша қылмыстық іс қозғады. Бап санкциясы 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғарғы жазаны қарастырады», – деп хабарлады қауіпсіздік және режим басқармасы.
Естеріңізге сала кетейік, Ресей Қазақстанның Байқоңыр қаласын 2050 жылға дейін жалға алған.