26 Тамыз, 01:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынады – заң жобасы

12 Сәуір 2024 22:51
- Жаңалықтар, Қайнар
Баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынады – заң жобасы
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 12 сәуір. Бұдан былай баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіріп жіберген қоғамдық жүргізушілер тиісті жазаға тартылады. Бұл туралы Halyq Uni ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Сенатта «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы мен ілеспе құжат екінші оқылымда мақұлданды.

Енді осы заңға сәйкес, отбасының шырқын бұзғандар мен педофилдерге де жаза күшейеді.

Заң жобасы әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қорғауды күшейтуді, олардың қауіпсіздігін бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуға, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуды көздейді.

«Құжатта Қылмыстық кодекске тиісті түзетулер енгізіледі. Біріншіден, кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық қылмысын жасаған адамға Кодекстің ерекше бөлігінде көзделгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға тыйым салынады. Екіншіден, кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылыққа байланысты қылмыстар бойынша, сондай-ақ Кодекстің «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» және «Ұрып-соғу» баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар татуласқаннан кейін қайталап жасалған жағдайларда тараптардың татуласуына жол берілмейді», – деді Сенат депутаты Жанна Асанова.

Сенатордың айтуынша, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру жасағаны үшін бас бостандығын шектеу түріндегі балама жаза алынып тасталады, оның орнына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленеді.

Сондай-ақ жас баланы өлтіргені үшін (99-бап), балаға қатысты зорлау әрекеттерін жасағаны үшін (120-бап) және балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін (121-бап) Қылмыстық кодекстің қолданыстағы нормаларында көзделген басқа балама жазалау шараларын алып тастау арқылы, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза белгіленеді.

Сонымен қатар 16 жасқа толмағандарға сексуалдық сипатта тиіскендерге жауапкершілік енгізіледі. Бұдан бөлек, өзін-өзі өлтіруге көндіру немесе өзін-өзі өлтіруге ықпал еткені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп, Қылмыстық кодекс жаңа қылмыс құрамымен толықтырылады.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен Қылмыстық кодекске ауыстыру арқылы денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені және ұрып-соққаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі», – деді сенатор.

Сондай-ақ заңда төмендегі ережелер қарастырылған:

* «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексте Отбасын қолдау орталықтарының құқықтық мәртебесі және олардың атқаратын қызметтері туралы, отбасы, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық әрі психологиялық көмек көрсету жөніндегі 111 байланыс орталығы туралы нормалар бекітіледі;

* Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға күш қолдана отырып, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдарға денсаулық сақтау ұйымдарында психологиялық көмек көрсету тәртібін әзірлеу және бекіту жөніндегі құзырет беріледі;

* Балалардың құқығын қорғау үшін Кәсіпкерлік кодексте меншік нысанына және ведомстволық бағынылыстылығына қарамастан интернаттық ұйымдарда, білім беру ұйымдарында, баланың құқығын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда, сондай-ақ стационар, жартылай стационар жағдайларында мүгедектігі бар адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда алдын ала ескертусіз, мемлекеттік бақылау жүргізуді көздейтін нормаларды енгізіледі;

* Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі қызметтің сапасын арттыру мақсатында оны лицензиялауды енгізу, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін лицензиялау енгізіледі;

* Неке және отбасы институтын нығайту, әлеуметтік-экономикалық қолдау, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға (отбасыларына) жан-жақты қолдау көрсетуді анықтау және ұйымдастыру бойынша жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін кеңейту көзделеді;

* «Автомобиль көлігі туралы» заңы баланың қауіпсіздігін қамтамасыз үшін 16 жасқа толмаған, ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері ертіп жүрмеген баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салатын нормамен толықтырылды;

* Өмірде қиын жағдайға ұшыраған адамдарды (отбасыларды) ерте анықтау және оларға қолдау көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі мобильдік топтарды құру және олардың қызметі туралы нормалар енгізіледі.

Жанна Асанова заңға әйелдер мен балалардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау шараларының тиімділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік сипаттағы маңызды нормалар қарастырылғанын атап өтті.

«Негізгі заң Қазақстанның 15 заңнамалық актісіне, оның ішінде 7 кодекс пен 8 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Ілеспе заңда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекске түзетулер енгізу ескерілген», – деді депутат.

Сенат депутаттарының дауыс беруі нәтижесінде заң жобасын екінші оқылымда мақұлданды.

Таңбалар: автобусбалазаңтыйым

Ұқсас мақалалар

ФИДЕ Ресей шахматшыларына олимпиадаға қатысуға тыйым салды
Жаңалықтар

ФИДЕ Ресей шахматшыларына олимпиадаға қатысуға тыйым салды

24.08.2026
Балиден кейін Таиландта да «Орыс деревнялары» таратыла бастады
Әлеумет

Балиден кейін Таиландта да «Орыс деревнялары» таратыла бастады

17.07.2026
Енді «желілік» жалған психологтар мен коучтар халықты арбай алмайды
Әлеумет

Енді «желілік» жалған психологтар мен коучтар халықты арбай алмайды

25.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist