Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуы керек
НҰР-СҰЛТАН. 23 ақпан. Бүгін «ANTIKOR ORTALYǴY» сервистік орталығында «Саналы ұрпақ» жобасы шеңберінде Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Саналы ұрпақ» клубының белсенді студенттерімен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету жөнінде кездесу өтті. Бұл туралы департамент баспасөз қызметіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерттеу орталығы басшысының орынбасары Ержан Жаров, «Даму қазақстандық қауымдастығы» үкіметтік емес ұйымының өкілдері, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің оқытушылары, сондай-ақ студенттер қатысты.
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында бекітілген нысаналы индикаторлардың бірі құқықтық мәдениет деңгейі болып табылады, ал негізгі міндеттердің бірі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда өскелең ұрпақпен жұмыс қағидатты маңызды рөл атқарады және жас ұрпақты сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелей отырып, осы әлеуметтік зұлымдықты жоюға болады.
Іс-шара барысында Бақытжан Ниязов қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қазіргі заманғы саясатпен таныстырды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын (кездесулер, дебаттар, эссе конкурстары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы квесттер және т.б.) қолданудың және парасаттылық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.
Осылайша, бүгінгі таңда «Адал Ұрпақ», «Саналы Ұрпақ», «Астана – адалдық алаңы», «Адал көмек», «Ашық бюджеттерінің интерактивті картасы» және т.б. бірқатар жобалар іске асырылуда, олардың негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру және қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық сияқты жалпы қабылданған адами құндылықтарды нығайту, – деді спикер.
Ержан Жаров жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін тәрбиелеу Қазақстанның стратегиялық дамуының негізгі бағыты болып табылатынын атап өтті.
Ол студенттерді тек парасаттылық және адалдық қағидаттарын ұстануға ғана емес, сондай-ақ жас ұрпақты кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, қоғамда парасаттылық қағидаттарын насихаттау жөніндегі жұмысқа белсенді тарту бойынша жұмыс жүргізуге шақырды.
Сондай-ақ, студенттерді толғандыратын мәселелерді талқылауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бірлескен іс-шаралар бойынша ұсыныстарды тыңдауға мүмкіндік берген ашық диалог өтті.
Іс-шара соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығының нөмірі 1424 ақпараттық буклеттер таратылды.
Тікелей эфир сілтеме:
https://www.facebook.com/100024377880922/videos/881105806045341/