Астанада студенттер арасында «Antiaracraft» квест-ойыны өтті
НҰР-СҰЛТАН. 24 ақпан. Бүгін елордада алғаш рет студенттер арасында Antiaracraft» квест-ойыны өткізілді. Бұл туралы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сүйенген rast.kz хабарады.
«Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастамасымен М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжімен Нұр-Сұлтан қаласының «Даналық» колледжі бірлесіп студенттер арасында «Antiparacraft» квест-ойынын өткізді», – делінген хабарламада.
Ісс-шараның негізгі мақсаты-сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және жастар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету болды.
Квест-ойын барысында қатысушылар түрлі тапсырмалар алып, олар арқылы қарапайым түрде сыбайлас жемқорлық туралы айтып бере алды. Сайыстар тек интеллектуалды сипатта ғана емес, сонымен қатар шығармашылық көзқарасты талап етті.
Ойынның бірінші кезеңі М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің «Жас қыран» және «Әділет жастар» колледжінің «Даналық» командаарының құттықтауынан құралды, онда сондай-ақ командалардың ұрандары айтылды.
Екінші кезеңде капитандар конкурсы өткізілді, онда команда капитандары әріптерден сөздер құрастырып, «адалдық», «парасаттылық», «алаяқ», «жемқорлық» және т. б. сөздерге нақты анықтама беруі тиіс болды.
Келесі кезеңде командалар сыбайлас жемқорлық туралы викторина сұрақтарына жауап беруі қажет болды.
«Antiparacraft» квест-ойынының соңғы кезеңі сыбайлас жемқорлық туралы алдын ала дайындалған «сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» әлеуметтік бейнероликтерді көрсету.
Мұндай іс-шараларды өткізу жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті тәрбиелеуге және «адалдық», «парасаттылық» және т. б. сияқты ұғымдарды кеңірек тануға ықпал етеді.
Студенттер арасында «Antiparacraft» квест-ойыны жолдастық кездесу аясында өткізілді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшылығы атынан алғыс хаттар табыс етілді.