24 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тшанов: Қазақстанда жемқорлық Назарбаевтың басшылығымен басталды

12 Шілде 2024 17:03
- Жаңалықтар, Құқық
Тшанов: Қазақстанда жемқорлық Назарбаевтың басшылығымен басталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАРАЗ. 12 шілде. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Амалбек Тшанов еліміздегі жемқорлық үдерісінің басында Нұрсұлтан Назарбаев тұрғанын атап өтті. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Бұрынғы шенеунік мұны Barys media-ға берген сұхбатында байырғы президенттің қарауында қызмет еткен жылдарына шолу жасап өткен кезінде еске түсірді.

«Мен ол кезде үлкен бірлестіктің бас директорымын, сонымен қатар, Жоғары Кеңестің депутатымын, әлі жаспын. Оған дейін саясатқа араласу ойымда болған жоқ. Себебі, мен үшін өндірісте жұмыс істеу бақыт болатын. Кейіннен маған сондай ұсыныс (Назарбаевтың кеңесшісі болу туралы) болды. Әрине, қуана қарсы алдым. Жаңадан президент сайланған, мен Жоғары Кеңестің депутаты есебінде бәріне қатыстым. Оңтүстік Қазақстанның өкілі болып бардым. Бар пейілімізбен Нұрсұлтан Әбішұлының президент болуына аянбай қызмет еттік. Оның бәрін жұртқа түсіндірдік», – деді Амалбек Тшанов агенттік тілшісіне.

Ол өзінің сөзінде Назарбаевтың адамдармен қарым-қатынаста ерекше талантты болғанын атап өтті.

«Білімі жағынан ешнәрсе айта алмаймын. Бірақ оған Алланың берген таланты бар. Қандай топ болса да, сол жерге кіріп кетеді, домбыра да тарта салады, өлең де айта салады. Сол таланты бәрімізге айдай көрінді. Әлемдегі алдыңғы қатарлы ел боламыз деген ой бәрімізде болды. Соның қасында жүргенімізге мақтандық. Кейін маған қалаға әкім болуға ұсыныс жасады. Алдына барып жұмыс сұрамадым, ойламаған жерде қалаға әкім етті. Маған берген сенімді ақтау үшін ұйқысыз жұмыс істедім», – деді саясаткер.

Амалбек Тшанов экс-президенттің пейілі бұзылғанын 2007 жылы білгенін жеткізді.

«Бұл кісінің пиғылы өзгергенін 2007 жылы байқадым. Мен барлық жерге өзімді ұсынып, депутат болдым. Бірақ маған президент тарапынан Тшановты өткізбе деген қарсылық болған жоқ. Маған қарсылық жасаған – марқұм Сұлтан Сарыбайұлы Қалмырзаев, оның орынбасары Тұрысбеков. Екеуі көп кедергі жасады. Солар президентке кіріп, Тшановты өткізуге болмайды деген екен. Бірақ президент «өзі өтетін болса кедергі келтірмеңдер» депті», – деді Амалбек Қозыбақұлы бұдан кейін.

Белгілі саясаткер Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың қайнар бастауында Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі тұрғанын ашып айтады.

«Кейіннен жемқорлық осы кісінің басшылығымен басталды ғой. 2007 жылы бізді таратқаннан кейін партиялық тізім басталды. «Отан» партиясы құрылып, оның атын жамылып алды. Содан кейін бәрін білдім», – деді ол осыған орай.

Амалбек Тшанов келесі кезекте өзінің бұрынғы президент жөніндегі пікірінің кейін біртіндеп өзгере бастағанын сөз етеді.

«Бұрынғы пікірім мен қазіргі пікірім кейінгі тірліктеріне қарай өзгерді. Ол айқайлап айтатын тірлік емес, жұрттың бәрі айтып жатыр ғой. Бір нәрсені ғана түсінбеймін: өз еліңді сонша тонауға бола ма? Миллиардтар, триллиондар… Қазір қарап отырсам, менің миыма кірмейді», – деп жағасын ұстайды экс-шенеунік.

«Қазір қарап отырсам, менің миыма кірмейді. Мысалы, қазір Қайрат Сатыбалдыны соттап жатыр. Солар миллиардтар әкеліп беріп жатыр. Соны қай қолымен ұрлады, қай қолымен жинады? Соның бәріне жол ашылып берілді ғой. Адам есебінде соны түсінбеймін», – деді Амалбек Тшанов бұдан әрі.

Таңбалар: Амалбек ТшановНазарбаевсыбайлас жемқорлық

Ұқсас мақалалар

Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті
Дәулет

Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

17.08.2026
Президент басшылардың қызметке жақындарын алуларына тыйым салды
Жаңалықтар

Президент басшылардың қызметке жақындарын алуларына тыйым салды

13.06.2026
НАЗАРБАЕВ БИЛІКТЕН НЕГЕ КЕТТІ?
Жаңалықтар

НАЗАРБАЕВ БИЛІКТЕН НЕГЕ КЕТТІ?

02.01.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist