ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы
Өзбектердің көп әйел алатыны жалған болып шықты
ТАШКЕНТ. 10 желтоқсан. Өзбекстанда ер кісілердің көп әйел алуына рұқсат етілетін низамның әзірленіп жатқаны жалған болып шықты. Бұл туралы CentralAsiz.uz арнасы хабарлады.
Бұған дейін Telegram мессенджері мен әлеуметтік желілерде Өзбекстанда көп әйел алушылыққа рұқсат етілетін заңның дайындалып жатқаны жайлы қауесет тарап кеткен еді. Желіні пайдаланушылар тіпті республикада көп әйел алуға рұқсат беретін қаулыны Министрлер Кабинеті 2020 жылғы 17 қарашада қабылдап қойғанын да баяндаған екен.
«Аталмыш ақпар шындыққа сәйкес келмейді», – деп бұл әңгіме нүкте қойды ресми AntiFake.uz арнасы