Өзбек фильмі Мәскеу фестивалінде гран-при алды
МӘСКЕУ. 19 қараша. Өзбек режиссерінің фильмі «Мәскеу премьерасы» кинофестивалінде бас жүлде жеңіп алды. Бұл туралы CentralAsia.uz хабарлады.
«Өзбек режиссері Ёлкин Туйчиевтің «Фариданың екі мың әні» фильмі Мәскеу халықаралық кинофестивалінде гран-при жеңіп алды», – делінген хабарламада.
«Фариданың екі мың әні» фильмі «Өзбеккино» ұлттық агенттігінің тапсырысы бойынша 2019 жылы «Fox music cinema» студиясында түсірілген. Картинада өткен ғасырдың басында Түркістанда тұрған отбасының бастан кешкен оқиғалары суреттеледі.
Кинофестиваль Мәскеуде 12-17 қараша аралығында өтті. Оның конкурс бағдарламасына Армения, Әзербайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Литва, Ресей, Өзбекстан және Украина елдерінен әкелінген толық метражды және қысқа метражды фильмдер кірді.
Ёлкин Туйчиев Ташкенттің Паркент ауданында туған. 1999 жылы Маннон Ұйғын атындағы Ташкент өнер институтын, ал 2020 жылы Мәскеу сценаристер және режиссерлар жоғары курсын режиссер мамандығы бойынша бітірген. Қазірге дейін 43 жастағы режиссер оннан аса фильм түсірген.