Жаңалықтар жаңғырығыСпорт
Қазақстандық зілтемірші Әлем кубогында үшінші болды
Қазақстандық ауыр атлет Гүлнұр Ыбырай жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы үшін жарыста қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Olimpik.kz хабарлады.
Турнир онлайн форматында өтіп жатыр.
Гүлнұр біздің еліміздің атынан 64 килоға дейінгі салмақта күш сынасты.
Жарыс қорытындысында қазақстандық спортшы қыз қоссайыста 196 кг салмақты (87+110) бағындырып, қола медальдың иегері атанды.
Еске сала кетейік, жарыстың бірінші күні Абылай Әуелханов Қазақстан құрамасы қоржынына алтын медаль түсірген еді. Ал Азамат Төлеген мен Мейрамбек Әбдіхалық төртінші орын алды.