Азия чемпионаты Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылды
ТАШКЕНТ. 18 ақпан. Қытайда коронавирустың жаңа түрінің ошағы бұрқ ете қалуына байланысты ауыр атлетикадан Азия чемпионаты Қазақстаннан Өзбекстанға ауыстырылды. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.
Мұндай шешімнің шыққанын Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) баспасөз қызметі жеткізді.
Хабарламада турнирді Қазақстан үкіметінің Қытаймен шектесетін елдерден келетін жолаушылардың бұлай қарай келулеріне шектеу енгізуіне байланысты басқа елге ауыстыру туралы шешім қабылданғаны айтылған.
«Азия Ауыр атлетика федерациясының атқару комитеті қалыптасып отырған ауыр ахуалды талқылай отырып, Азия чемпионаты өтетін орынды Өзбекстанға ауыстыру туралы шешім қабылдады», делінген хабарламада.
Турнир 16-25 сәуір аралығында Ташкентте өтеді. Мұның алдында бұл қалада әлемнің жасөспірімдер арасындағы екі тобының біріншілігі өткен болатын.
Еске сала кетейік, Қытайда коронавирустің жаңа түрімен ауырушылар саны 72,4 мың адамнан асты. Қазір 1868 адам індеттің құрбаны болып үлгерді.