Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Алматыда жұқпалы аурулардың ұлттық ғылыми орталығы ашылды

АЛМАТЫ. 16 қаңтар. Бүгін Алматы қаласында жұқпалы аурулардың бірегей ұлттық ғылыми орталығы қатарға қосылды. Бұл туралы өз мәнбесіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Рәсімге Үкімет басшысының орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қатысты.

«Алматыда еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің биологиялық қауіпсіздігі мен тұрақтылығын нығайту үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған стратегиялық маңызды және бірегей нысан – Инфекциялық аурулар ұлттық ғылыми орталығының ашылуына қатыстым», – деп жазды Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желіде.

Днсаулық сақта министрінің айтуынша, орталықтың құрылуы COVID-19 пандемиясының сабақтарына жүйелі жауап болды. Ол клиниканы, ғылымды, цифрлық технологияларды және кадрларды даярлауды бірыңғай платформаға біріктіреді.

Орталық 350 төсекке есептелген және жыл сайын Қазақстанның барлық өңірлерінен 2,5 мыңға жуық пациентке, оның ішінде туберкулездің дәріге көнбейтін түрлерімен мамандандырылған көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

ИАҰҒО – диагностика мен емдеуден бастап күрделі зертханалық зерттеулерге дейін толық автономды толық циклді мекеме. Мұнда ересектерге, балаларға және жүкті әйелдерге көмек көрсету көзделген, ал төтенше жағдайлар кезінде қуаттар жедел түрде 500 төсекке дейін кеңейтілуі мүмкін.

Орталық инфекциялық қауіптерге ден қоюдың ұлттық жүйесінің тірек элементі, ғылыми әзірлемелер мен инфекциялық бейіндегі мамандарды даярлау үшін база болады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button