Әлиев Арменияның қаруды Ресейден тегін алатынын айтты
БАКЫ. 25 қазан. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Армения қарулы күштерінің қазіргі күндері қару-жарақты Ресейден тегін алып отырғанын атап көрсетті. Бұл туралы «tsargrad.tv» хабарлады.
Әзери елінің жұмхурбашканы сонымен бірге өздерінің де армияға керекті қару-жарақты Мәскеуден алатындарын мәлімдеді. Бірақ армяндарға қарағанда, бір артықшылығы – бұлар қаруларды өз ақшаларына сатып алады.
Әлиев Әзербайжанның қару-жарақтың басым бөлігін Ресейден сатып алатындарын мойындады. Әзербайжан лидері француздың «Le Figaro» газетіне берген сұхбатында осыны айтты.
«Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев өздеріне түрік беспилотниктерін сатып алу мен жалдамалылар әкелу туралы тағылған айыпқа жауап ретінде өз армиясына қажетті қару-жарақты Ресейден алып келгені жайы қатқылдау мәлмдеме жасады. Мұнысы Ресейді ұятқа қалдыру емес пе?!», – деп жазады сайт тілшісі.
«Біз қару-жарақты көптеген елдерден сатып аламыз, бірақ оның көп бөлігін Түркия мен Израильден емес, Ресейден аламыз», – деп анықтай түсті ол.
Әлиев бұған Әзербайжан армиясында сондай-ақ Иранның, Беларусьтің, Украинаның соғыс құралдары да бар екенін қосты. Оның айтуынша, Әзербайжан алған қарулары үшін ақшасын төлеп, ұдайы есептесіп тұрады, ал Армения мұны істемейді. Әзербайжан президенті армян қарулы күштерінің қаруды Ресейден тегін алып отырғанын жасырмай айтты, бірақ бұл деректі алған мәнбесін атап көрсеткен жоқ, .