Байден Армениядан басып алған жерлерін босатуды талап етті
ВАШИНГТОН. 15 қазан. АҚШ президенттігіне кандидат Джо Байден Таулы Қарабақты басып алып, бермей отырған Арменияның агрессиясын сынға алды. Бұл туралы «Вестник Кавказа» хабарлады.
«Демократиялық партиядан АҚШ президенттігіне мүдуар Джо Байден өзінің сайтында ресми Вашингтон мен Таулы Қарабақ қақтығысына қатысушы тараптарға үндеу жариялап, онда Қарабақ мәселесін бейбіт жолмен шешуші талап етті», – делінген хабарламада.
Байден ең алдымен 10 қазан күні енгізілген атысты тоқтату жөніндегі режимнің бұзылып, Таулы Қарабақ пен оның төңірегіндегі ұрыс қимылдарының қайта жалғасып кеткеніне үлкен өкініш білдірді. Ондағы дрондардың, минометтер мен алысты атқылайтын артиллериялардың екі жақтан ж.здеген адамның өмірлерін жұлып кетіп, мыңдаған бейбіт тұрғындарды қашуға мәжбүр еткенін айта келіп ол президент Дональд Трамп әкімшілігінің енжарлығын сынға алды.
Байден өз сөзінде Трамп командасының Әзербайжанның шиеленісті қарудың күшімен шешуіне жол беріп қойғанын сынады. «Сондай-ақ Таулы Қарабақ төңірегіндегі аудандардың үздіксіз басқыншылардың қарауында бола алмайтынын Арменияға жеткізу керек», – деді сосын.