Қырғызстан президенті Жээнбеков кетуге шешім қабылдады
БІШКЕК. 15 қазан. Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін өзінің халыққа арнаған үндеуінде отставкаға кетуге шешім қабылдағанын мәлімдеді. Бұл туралы «Sputnik Кыргызстан» хабарлады.
«Мен билікке жабысып отырғаным жоқ. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын оқ атып, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кетуге шешім қабылдадым», – деді Сооронбай Жээнбеков өзінің үндеуінде.
«Ешқандай билік елдің тұтастығы мен қоғамның келісіміне тұрмайды», – атап өтті ол. Бұған сосын Жапаровтың премьер етіп тағайындағанына қарамастан, қарсылық толқынының тоқтамай отырғанына үшін кететінін қосты.
Сонымен бірге, Жапаров пен басқа саясаткерлерден өз жақтастарын көшеден алып кетуді өтінді.
Қырғызстан Конституциясына сәйкес, президент отставкаға кеткен жағдайда оның құзыреті парламент спикеріне көшеді.
Кеше Сооронбай Жээнбеков республиканың жаңа премьер-министрі Садыр Жапаровпен кездесуі кезінде қазір өзінің орынтағынан кетуге құқы жоқ екенін, себебі, мұның мемлекетке жиян келтіретін күтпеген оқиғалардың өріс алып кетуіне апаруы мүмкін екенін айтқан болатын.
Сол сияқты кеше бұрынғы президент Роза Отунбаева да қазіргі президент Сооронбай Жээнбековке дәл қазір қызметінен кетуіне болмайтынын білдірген еді.
Бірақ атқа қонған қырғыздардың қайтатын түрі көрінбейді.