Ер кісі екі жасар ұлын 5 мың долларға сатпақшы болды
ТЕРМЕЗ. 14 қазан. Өзбекстанның Сурхандария облысында бір ер кісі екі жасар ұлын 5 мың долларға сатып жатқан жерінде қолға түсті. Бұл туралы «Podrobno.uz» хабарлады.
«Денау ауданының 28 жастағы тұрғыны Пулат Чориев өзінің екі жастағы ұлын 50 миллион сумға сатқысы келген. Осыған байланысты Сурхандария облысы Байсын ауданының тұрғыны Зулейхо Шодиева облыстық ішкі істер басқармасына шағым түсірген», – делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүргізген жедел іс-шара барысында Термездегі «Малика» ресторанында Чориев баласын саудалап жатқан жерінде қолға түсті. Айғақты зат ретінде одан сол кезде 2500 доллар мен 24 миллион 250 мың сум алынды.
Қазір аталмыш факт бойынша қаскөйге қарсы Қылмыстық кодакстің 135-бабы 3-бөлігі «а» тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жүріп жатыр.