Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Әзербайжанда орыс мектептері екі тілді жүйеге көшеді

БАКУ. 17 қыркүйек. Соңғы уақыттары Әзербайжанда орыс тілінде білім беретін мектептердің жұмысы жайы тағы да қызу талқылана бастады. Бұл туралы Oxy.az хабарлады.

Аталмыш мәселеге түсіндірме берген Әзербайжан халықаралық қатынастарды талдау орталығы басқармасының төрағасы Фарид Шафиев қазіргі жағдайда білім саласына қатысты нәрсенің бәрі саясиландырылып кеткенін атап өтті.

Ол білім беру жүйесі мен саясаттың бір-бірінен қашық болуы керек деп есептейді.

«Ұзақ жылдар бойы посткеңестік кеңістікте орыс тілінің мәртебесі мен осы тілде оқытатын мектептер мәселесі саяси тақырып болып саналып келді. Бұл түсінікті де жайт еді. Бір жағынан мұның Ресейдің геосаяси позициясымен тығыз байланысы бар, екінші жағынан ол – тәуелсіз мемлекеттердің ішкі саяси процестеріне қатысы бар», – дейді Фарид Шафиев.

Әзербайжандағы оң тенденция ретінде елдегі этникалық орыстарға қатысты қысымның жоқтығын атап өтуге болады. Олар республика азаматтары бола отырып, Конституцияның барлық игілігін көре алады.

«Орыс тілді мектептерге келсек, бұл білім беру орындары толығымен Әзербайжан мемлекеттік бюджетін пайдаланып отыр. Алайда, бұл мәселеден саясти ұпай жинау абырой әпермейді. Арменияда тұрғындар санына қарағанда, мұндай мектептердің аз болуы елдегі антиорыс көңіл күйін өсіріп жіберді, ал Тогуз оқиғалары Ресейдің өзінің тарихи одақтасын қолдай беретінін көрсетті. Осы тұрғыдан келгенде, Әзербайжандағы орыс тілді мектептерді білім беру мен экономика аспектісіне қарастыру керек» – деді ол.

Шафиев сонымен бірге оры тілді мектептерде оқитын шәкірттердің мемлекеттік тілді жетік біле бермейтінін де атап өтті. Сондай-ақ олардың орыс тілін білуілері де көп жағдайда қанағаттанғысыз болып шығады.

«Демек, елдегі орыс тілді мектептер білім беру жағынан да, саяси тұрғыдан да өз мақсаттары деңгейінен шыға алмай отыр», – деді ол бұдан әрі. Олай болса, орыс тілді мектептер қазіргі күндері халықаралық деңгейде қолданылып жүрген тәжірибеге сүйенуі керек. Ол – екі тілді білім беру жүйесіне көшу (immersion).

«Мұндай тәжірибе бірқатар мемлекеттер мен аймақтарда, мәселен, Канада елі мен АҚШ-тың испан тілді бірқатар штаттарында қолданылады. Осы білім жүйесіне сәйкес, мектептерде академиялық пәндерден сабақ беру екі тілде қатар жүреді. Мысалы, бізде химияны – әзербайжан тілінде, физиканы орыс тілінде, немесе таорихты – әзербайжан тілінде, шетел тілін, айталық, орыс тілінде (бұл жерде басқа варианттар да болуы мүмкін) оқыту керек шығар», – деді Шафиев сосын.

Осылайша оқушы бірінші кезекте ресми әзербайжан тілін меңгереді, сосын шетел тілін, – бұл жерде орыс тілі ойға алынып отыр, – игереді. Мұның өзі бұған қосымша орыс тілді мектептер мәселесін саяси күн тәртібінен түсіреді.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button