Тихановская Лукашенконың қауіпсіздігіне кепілдік берді
МИНСК. 17 қыркүйек. Белорус оппозициясының лидері Светлана Тихановская егер елдегі биліктен өзі бейбіт жолмен, «адамша» кететін болса, Александр Лукашенконың қауіпсіздігіне кепіл болуға уәде берді. Бұл туралы Naviny.be хабарлады.
«Мұның бәрі талқылауға болатын нәрсе. Әрине, өзі бейбіт жолмен, адам секілді кететін болса, оған ықтималдылық бар. Тіпті сенімен айтуға да болады. Менің жеке өзім жұрттың бәрінің атынан айтуға тиіспін. Бұл мәселеде олардың пікірлері де ескерілетін болады», – деді ол украинның «Левый берег» басылымына берген сұхбатында.
Светлана Тихановская сонымен бірге белорус қарсылық қозғалысына АҚШ-тың қатысы бары туралы пікірге де өз жауабын білдірді. Мұны ол Telegram-арнасына берген сұхбатында жеткізді.
Ол мұндай айыптауды «насихаттық штамп» деп атады. Тихановскаяның айтуынша, Беларусьтегі геосаяси бағыттың өзгеруі мүмкін екендігіне басқа елдердің ешқандай да қатысы жоқ. «Беларусьтегі қарсылықтың себебі біреу ғана және ол жұрттың бәріне аян: Лукашенко сайлауда жеңіліп қалды, бірақ биліктен кеткісі келмей отыр. Себеп осы ғана. Ал бұрынғы президентке ешқандай қолдау көрсетпеген халық оның кетуін талап етіп отыр», – дәп мәлімдеді ол.
Бұдан бұрын Ресей сыртқы барлау қызметінің бамшысы Сергей Нарышкин белорус қарсылық қозғалысында АҚШ-тың жетекші рөл атқарып отырғанын баяндаған еді. Ведомоство басшысының айтуынша, Вашингтон республикадағы үкіметкен қарсы акцияларға 20 млн доллар жіберген. «Батыс қарсылық қозғалысына дайындықты сайлаудан көп бұрын бастап кетті. Ресей барлауының мәліметінше, осы ақшаларға тәуелсіз блогерлер жүйесі мен әлеуметтік желілердегі ақпараттық аккаунттарды, сондай-ақ көше акцияларын өткізетін белсенділерді даярлау жүзеге асырылған»,
Өз кезегінде кеше Александр Лукашенко елдегі шерулер мен баррикадалардың уақыты біткенін мәлімдеді. Ол енді мұндай акцияларға жол бермейтінін қадап тұрып айтты.