Кувейт тақырға отырды: бай елдің қазынасында ақша қалмады
ЭЛЬ-КУВЕЙТ. 8 қыркүйек. Әлемде мұнайды экспорттаушы жетекші елдердің біір саналатын Кувейт елі банкротқа ұшыраудың қарсаңында тұр. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Мұнай шикізаты бағасының күрт түсіп кетуі Кувейтті осындай жағдайға жеткізді. Бұған дейін араб мемлекеті қазынасының 90 пайызын көміртегі шикізатын сатудан түскен қаржы құрайтын еді. Ал қазір оның әбден тұралағаны сондай, мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларын тауып берудің өзі проблема болып жатыр. Кувейт қаржы министрлігі екі айдан беру әлеуметтік төлемдерді де төлей алмай келеді.
Осылайша бір кездері бай болған ел тақырға отырды. Сәуірдің 1-інде аяқталған қаржы жылы бюджеттің тапшылығы 68,6 пайызға жетіп, 18,44 миллиард долларды құрады. Кувейт ұлттық банкінің бағалауы бойынша, бұл – ішкі жалпы өнімнің 10 пайызға дерлік көлеміне тең. Бұған дейін бюджет тапшылығы ішкі жадпы өнімнің 4,8 пайызын құраған еді.
Қазір пессимистік болжамдар алда қардарлық қауқары ішкі жалпы өнімнің 40 пайызына жететінін білдіріп отыр. Bloomberg-дің есебіне бойынша, бұл 46 миллиард доллар болады.