Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік
Кувейттің әмірі 91 жасында бақилыққа аттанды
ӘЛ-КУВЕЙТ. 29 қыркүйек. Кувейттің әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Сабах 91 жасқа келгенде дүниеден өтті. Бұл туралы АР агенттігі хабарлады.
Таяу Шығыста шейх Сабах өзінің Катар мен басқа араб елдері арасындағы кескілескен дауды шешуге көп дипломатиялық күш жұмсауымен ерекше көзге түсті. Бірақ сол дау-шарғы әлі күнге дейін басылмай, жалғасып келеді.
Катар мемлекеттік телевидениесі оны намаз оқып болғаннан кейін бақилық болып кеткенін хабарлады.
Енді шейх Сабахтың орнын оның аталас інісі, мұрагер ханзада, шейх Наваф Әл Ахмад Әл Сабах басады деп күтіліп отыр.