Өзбекстанда жас жұбайлар қосарланған тек ала алады
ТАШКЕНТ. 8 қыркүйек. Өзбекстан үкіметі жаңа үйленген жас жұбайлардың қосарланған фамилия алуларына рұқсат беретін қаулы қабылдады. Бұл туралы CentrslAsia.uz хабарлады.
Үкімет азаматтық хәл актілерін тіркеу жүйесін жетілдіруге бағытталған қаулысында осы мәселе де қарастырылды. Құжатқа сәйкес, енді жаңа отау құрған жас жұбайлар екі фамилия ала алады. Мысалы, күйеу жігіттің тегі – Ахметов, ал қалыңдықтың тегі Шухратова болса, күйеу жігіт Ахмедов-Шухратов, ал қалыңдық Ахмедова-Шухратова деген қосарланған фамилия алуларына болады.
Бұдан басқа, АХАЖ архивтеріндегі архивариус лауазымы жойылып, бірінші және екінші дәрежелі инспектоорлар лауазымы енгізіледі.
АХАЖ қызметкерлерінің орташа айлық жалақылары 3 есеге көбейеді. Мәселен, бөлім меңгерушісінің айлығы 1,5 млн сумнан (150 доллар) 5 млн сумға (500 доллар) жеткізіледі.