Жаңалықтар жаңғырығыҚоғам
Канада Лукашенконың президенттігін мойындамады
ОТТАВА. 18 тамыз. Канаданың сыртқы істер министрлігі елдің Беларусьтегі президент сайлауы нәтижелерін мойындамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы «Московский комсомолец» хабарлады.
Осыған орай Оттава жаңа «еркін де әділетті» сайлаудың өткізілуін талап етіп отыр.
«Біз өткен сайлауды мойындамаймыз, себебі, оның нәтижелері бұрмаланды. Біз енді еркін де әділетті сайлау өткізуге шақырамыз», – деді Канада сыртқы істер министрі Франсуа-Филипп Шампань.
Бұған дейін Беларусьтегі сайлау қорытындысын Еуропа одағы, сондай-ақ Польша, Чехия, Эстония және Ұлыбритания елдері мойындамаған болатын.
Ал кеше Еуропарламент те бұл сайлауды мойындамай, жаңа сайлау өткізуге шақырды, сонымен бірге Алесандр Лукашенкоға Еуропа одағында нон-грата жариялады.