Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Өткен түнде Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды

ЛОНДОН. 17 тамыз. Кеше түнде Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Айсұлтан Назарбаев кенеттен қайтыс болды. Бұл туралы DalaNews.kz хабарлады.

Айсұлтанның соңғы уақыттары Ұлыбританияның астанасы – Лондон қаласында тұрып келгені белгілі.

Әзірге оның неден қайтыс болғаны айтылып отырған жоқ. Алдын-ала мәлімет бойынша, 30 жастағы жігіттің жүрегі тоқтап қалған.

Айсұлтан – Рахат Әлиев пен Дариға Назарбаеваның ұлы. Ол 1990 жылғы 26 тамызда туған. Отыз жасқа толуына он күн қалғанда, осылай өмірден өтіп кетті.

Таңбалар
Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ұқсас мақалалар

Back to top button
Жабу
Жабу