Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

Чак Норрис Лукашенконы жылауға мәжбүр етпекші (видео)

ВАШИНГТОН. 16 тамыз. Америкалық танымал актер Чак Норрис Беларусь президенті Александр Лукашенкоға үн қатып, оның өзін жылауға мәжбүр ететінін жеткізді. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Осы сөздер айтылған видеоролик You Tube арнасында жарияланды.

Норрис өзінің сөзінде Лукашенконы «Нөл пайыздық Саша» және «Мистер тарақан» деп атады. «Сен білесің, мен қолға алып, турап жатқанда, пияздың өзі жылайды. Ендеше, сен де қазір істеп жатқаныңды тоқтатпасаң, мен сенің резиденцияларыңның біріне келемін де, сені жылауға мәжбүр етемін», – деп мәлімдеді актер.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button