Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Байден COVID-19-дың құпиясын жариялауды кешіктіріп тұр

ВАШИНГТОН. 12 наурыз.. АҚШ президенті Джо Байден короновирус кеселінің пайда болуына байланысты құпияларды халыққа жеткізер-жеткізбесін өзі де әлі білмей отыр. Бұл туралы шетелдік ресурстар деректеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ақ үйдің қожайыны кеше бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесуі барысында өзінің әкімшілігін осы аса қатерлі жұқпалы кеселдің қалай шыққанын тайға таңба басқандай айғақтап беретін материалдардың бәрін жария етуге міндеттейтін заң жобасына қол қою мәселесін шешпегенін айтты.

Республикашыл сенатор Джош Хоулидің пандемияға қатысты барлық жауапкершілікті Қытай билігіне жүктеуді ұсынған бастамасын Конгрестің екі палатасы да қолдап шықты, енді тек Байденнің тиісті құжатқа қол қоюы ғана қалды.

«Мен әлі бір шешімге келген жоқпын», – деп жауап қайтарды президент журналистердің заң жобасына қашан қол қойылатыны хақындағы сауалына орай.

АҚШ барлау қызметі коронавирустың шығу тегі туралы біржақты нақты пікірге келмегендерін және мұның Қытай зертханасынан сыртқа шығып кету немесе адамның жан-жануарлардан табиғи жолмен жұқтырып алуы деген екі түрлі нұсқаны қарастырып жатқандарын жеткізді.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button