Тихановская Литваға жіберілді. Қауіпсіздігі үшін
МИНСК. 11 тамыз. Президенттікке оппозиция атынан кандидат Светлана Тихановская елден шығарылып, Литваға жеткізілді. Бұл туралы UDF.BU хабарлады.
Кандидат штабы басшыларының бірі Ольга Ковалькова мұны белорус билігінің ұйымдастырып, атқарғанын жеткізді. Онымен бірге билік бұдан бұрын қамалған штаб бастығы Мария Морозды босатқан.
Литва сыртқы істер министрі Линас Линкявичюстің хабарлауынша, Тихановская Беларусьте жеті сағат қамауда отырғаннан кейін Вильнюске келген.
Сонымен бірге, Ковалькова президенттіке үміткердің елден кетуден басқа жолы болмағанын айтады.
Беларусь билігінің өкілдері Орталық сайлау комиссиясында өткен кездесуде үш сағат бойы Светлана Тихановскаяға неге елден шұғыл кетуі керек болып тұрғанын түсіндіріп баққан. Соның ішінде өзі мен балаларының қауіпсіздігі үшін осылай жасалуы керек екенін айтқан. Бірақ ол бұл кеткен бойда елде оны дискриминация жасайтын лас жұмыстардың жүргізілуі басталып кететінін. айтпаған. «Соңғы үш ай бойы билікке ерлерше қарсы тұра біліп, жүздеген мың адамның қошеметіне бөленген әйелді алдап түсірудің бұдан басқа жолын олар білмепті», деді осыған орай саяси кеңесші Александр Федута belsat.eu сайтында.
Бүгін Светлана Тихановская сайлаушыларына видеоарнау жариялап, онда барлығынан кешірім сұрады. Бірақ не үшін екенін ашып айтпады. Шамасы, сайлаудан бергі өзінің үш күннің ішінде билікке наразылық білдіріп, құқық қорғау органдары сарбаздары тарапынан қатты соққы алып жатқан халықты тастап кетуге мәжбүр болғанын білдіргені шығар.
«Біздің бәріміздің ең осал жеріміз – балалар. Бүгінгідей қандай бір әрекеттер де өмірмен қоштасуға тұрмайды», – деді ол сосын.