Бейрутта қарсылық қозғалысы жалғасып жатыр
БЕЙРУТ. 9 тамыз. Бейрутта кеше басталған наразылық қозғалысы әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы ТАСС хабарлайды.
«Әл-Жазира» телеарнасының хабарына қарағанда, осы қарсылық шерулеріне қатысқан кемінде 728 адам әртүрлі дене жарақаттарын алып қалған, 19 белсенді қамауға алынған.
Сенбі күні астаналық қаланың орталық бөлігінде халық үкіметке қарсы шеруге шығып, оның соңы тәртіпсіздіктерге ұласып кетті. Бұл қозғалысты Сами Жмайельдің «Катаиб» атты оппозициялық партиясы ұйымдастырды. Наразылық білдірушілер негізінен билеуші партия басшылығының жемқорлығын беттеріне басып, мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап етіп жатыр. Олар сондай-ақ 4 тамыз күні Бейрут портында орын алып, 158 адамның өмірін жұлып кеткен жарылыстың себебін тәуелсіз ұйымдардың тексеруін міндеттейді.
Ливан шерушілері бірнеше министрлікті басып алды. Соның ішінде ішкі істер министрлігіне де басып кіріп, оны «революция штабы» деп жариялады. Бірақ үш сағаттан кейін босатуға мәжбүр болды. Іске армия қосылғасын баспананы тастап шықты.