Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Лукашенконың басты қарсыласы штабымен бірге тығылып отыр

МИНСК. 9 тамыз. Беларусь президенттігі үшін бүгін дауысқа түсіп жатқан үй шаруасындағы әйел Светлана Тихановская өзінің қауіпсіздігі үшін бүгін өз штабы мүшелерімен бірге тығылуға мәжбүр болды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Сарапшылардың пайымынша, ол іс басындағы президент Александр Лукашенконың басты қарсыласы болып отыр.

Светлана Тихановская бүгін таңертең өзінің үйінен кетіп, өз штабының мүшелерімен және бір топ журналистермен бірге бір пәтерге барып орналасқан. Штабтағылар мұны оның екі негізгі көмекшісінің осының алдында қамауға алынғанымен түсіндірген.

Кеше, 8 тамыз күні Тихановская штабының басшысы Мария Мороз ұсталды. Бірақ кейінірек көшеде жаппай тәртіпсіздік орын алмауын тапсырып, оны қамаудан босатқан.

Бұдан бұрын белорус құқық қорғаушылары белгісіз бір себептермен Тихановскаяның сенімді өкілі Андрей Смоленчук пен оның әйелі Жанна Мякишті ұстаған еді.

Беларусь президенті Александр Лукашенко осымен алтыншы мәрте сайлауға түсіп жатыр. Ал Светлана Тихановская президенттікке түскісі келген күйеуі Сергей Тихановский уақытша тергеу оқшаулағышына жатқызылғаннан кейін оның орнын басты. Президенттікке тағы үміткер Виктор Бабарико да осы жерден орын тапты. Сөйтіп, жан-жағын отап келген Лукашенко үй шаруасындағы әйелден еш қауіп күтпей, оның тіркелуіне келісім беріп еді, ақырында басты қарсыласы соның өзі болып шыға келді.

Сарапшылардың байқауынша, егер сайлау әділ өтетін болса, Светлана Тихановская бірінші турда-ақ президент болып шыға келуге тиіс. Бірақ Лукашенко орнынан оңайлықпен қоштаса салғысы келіп отырған жоқ. Ол қажет болып бара жатса, тіпті қару қолданатынын да айтқан болатын. Алайда, әскер оны енді тыңдай ме, тыңламай ма, – бұл жағы әзірге ешкімге де белгісіз.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button