Беларусь: халық Тихановскаяны қатты қолдап жатыр (видео)
МИНСК. 9 тамыз. Беларусь президенттігіне кандидат Светлана Тихановская сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Бұл туралы tut.bu хабарлады.
«Егер әділ сайлауда Александір Григорьевич үшін халық түгел дауыс беретін болса, біз онымен келісеміз», – деді ол журналистерге.
Светлана Тихановская сайлау учаскесінен сыртқы шыққаннан кейін есік алдында оны екі жүздей адам қол шапалақтап қарсы алды. Олар «Света», «Молодец» деп айқайлады.
Кандидатты қолдауға оның командаласы Мария Колесникова келді. Ал штаб мүшесі Виктория Цепкало жеке қауіпсіздігінен қауіптеніп, жедел Мәскеуге ұшып кетті. Ол сол жақтан дауыс бермекші.
Айтқандай, Светлананың күйеуі Сергей оқшаулағыштан шыққаннан кейін бірден Мәскеуге кетіп қалды. Ол да өз өміріне төнетін қауіптеніп сақтанып солай етуге мәжбүр болды.