Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Бейруттегі жарылыстан 100-ден астам адам қаза тапты

БЕЙРУТ. 5 тамыз. Ливанның астанасы – Бейрут қаласының теңіз порты ауданында күшті жарылыс болды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Жарылыс салдарынан 100-ден астам адам қаза тапқан. Мұндай мәліметті Қызыл крестің Ливан қоғамы ның ақпары бойынша Sky News Arabia телеарнасы келтіріп отыр.

Телеарна мәліметі бойынша, зардап шеккендер саны 4 мыңнан асып кеткен. Қала ауруханалары жарақат алғандарға толған.

Күшті жарылыс сейсенбі күні Бейруттың теңіз порты ауданындағы Ливан Әскер-теңіз күштері базасына жақын жерде орын алған. Жарылыс толқынынан ондаған үйлер, автомобильдер бүліншілікке ұшыраған, астананың көптеген махаллаларындағы үйлердің терезелері қирап қалған.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, жарылысқа қоймадағы кеден қызметі 2015 жылы тәркілеп алған 2,7 тонна аммиак селитрасының тұтанып кетуі себеп болған. Елде аза жарияланды. Апат аймағы болып жарияланған қалада екі апта төтенше жағдай режимі енгізілді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button