Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан
Польша президенті Қырымды Украинаға қайтаруға уәде берді
ВАРШАВА. 9 тамыз. Жақында ғана орнына қайта сайланған Польша президенті Анджей Дуда Қырымды ОБСЕ арқылы Украинаға «қайтарып» беруге уәде етті. Бұл туралы «360» телеарнасы хабарлады.
«Варшава ОБСЕ шеңберінде Украинаның мүддесін қорғауға күш салады», – деді Анджей Дуда.
Саясаткердің айтуынша, 2022 жылы ОБСЕ-ге басшылық ету құқығы Польша мемлекетіне беріледі. Польша сол уақытта «барлық құрлықтар» қауіпсіздігінің кепілі болады. Дуда сол кезде Украинаға Қырым мен Донбассты қайтарып беруге уәде беріп отыр.
«Бұл – өте маңызды міндет. Біздің көршіміз – Украинаның толық егемендік алуы мен территориялық тұтастығын сақтау үшін керек нәрсе», – деді ол.
Қырым 2014 жылы түбекте өткен референдум қорытындысы бойынша Ресей құрамына беріліп кеткен еді.