Өзбекстанда тұрмысы төмен отбасыларына $14,7 млн ақша бөлінді
ТАШКЕНТ. 3 тамыз. Өзбекстанда тұрмыс жағдайлары нашар отбасыларына 150 млрд сум ($14,7 млн) қаржы таратылатын болды. Бұл туралы CentralAsia порталы хабарлады.
Аталған қаржыны Дағдарысқа қарсы күрес қоры бөліп отыр. Ол екі күннің ішінде мұқтаждарға беріліп бітуге тиіс.
Өзбекстан үкіметінің 29 шілдедегі қаулысына сәйкесәлеуметтік қолдауға қардар отбасылары «Саховат ва кумак» («Қайырымдылық және көмек») қоры арқылы қаржылай көмек алады. Осы мақсат үшін Дағдарысқа қарсы күрес қоры 150 млрд сум ($14,7 млн) қаржы бөліп отыр.
Аталған ақша аймақтарға мынадай мөлшерде жіберіледі:
Қарақалпақ республикасы – 10 млрд сум ($982 тыс);
Әндіжан уәләяты – 10 млрд сум;
Бұхара уәләяты – 10 млрд сум;
Жизақ уәләяты – 5 млрд сум ($500 мыңға жақын);
Қашқадария уәләяты – 20 млрд сум ($2 млн-ға жақын);
Навои уәләяты – 5 млрд сум;
Наманган уәләяты – 10 млрд сум;
Самарқанд уәләяты – 10 млрд сум;
Сурхандария уәләяты – 10 млрд сум;
Сырдария уәләяты – 5 млрд сум;
Ташкент уәләяты – 10 млрд сум;
Ферғана уәләяты – 10 млрд сум;
Хорезм уәләяты – 10 млрд сум;
Ташкент қаласы – 25 млрд сум ($2,5 млн-ға жуық).