Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Өзбекстанда жұмыссыздар саны 2 миллион адамға жетті

ТАШКЕНТ. 28 маусым. Өзбекстанда пандемия кезінде жұмыссыздар саны 600 мың адамға артып, барлығы 2 миллионға жетті. Бұл туралы CentralAsia хабарлады.

Елдің Еңбекпен қамту және еңбек қатынастары министрі Нозим Хусанов жергілікті БАҚ-тарға осының жайын айтып берді.

«Биылғы жылдың басында дәулетімізде жұмыссыздар саны 1,4 миллион адамға жақындайтын еді. Ал пандемия салдарынан бірқатар кәсіпорындардың жабылуынан кейін олардың жалпы мөлшері 2 миллионға жақындады. Бұдан басқа, бізде шекараның жабық болуынан шетелдердегі жұмыстарына кете алмай отырған тағы 500 мыңға жуық адам бар», – деп атап көрсетті министр.

Өзбекстанда пандемияға дейін жұмыссыздықтың деңгейі пайыздық қатынас бойынша 9,3 еді. Соңғы мәліметтер бойынша, ол қазір шамамен 14-15 пайызға барып қалды.

Бұдан алдын Bloomberg Халықаралық валюта қорының Өзбекстандағы жұмыссыздық деңгейінің биылғы жылы 16,5 пайызға баратынын мәлімдегенін хабарлаған еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button