Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

«Ливерпуль» 30 жылдан кейін Англия чемпионы болды

ЛОНДОН. 28 маусым. «Ливерпуль» футбол командасы 30 жылдық үзілістен кейін Англия премьер-лигасының 2019/20 жылғы маусымдағы чемпионы болды. Бұл туралы Eurosport хабарлады.

Мерсайдтықтар чемпионат аяқталуға 7 тур қалған шақта, яғни мерзімінен бұрын осы атаққа қол жеткізіп отыр. Ол Лондонның «Челсиі» өз алаңында «Манчестер Ситиді» 2:1 етіп ұтқаннан кейін мүмкін болды. Осы жеңілістен кейін 63 ұпаймен екінші орында келе жатқан манчестерліктер чемпиондыққа таласу мүмкіндігінен айрылды. Ал 83 ұпайы бар ливерпульдіктер осы турда «Кристал Пэласты» 4:0 ұтқасын оған жеткізбейтін қашықтыққа кетіп қалды.

Команданың бас жаттықтырушысы неміс Юрген Клопп мұны керемет табыс ретінде атап өтті.

«Мен бұл жеңісті 30 жыл күткен жоқпын. Бірақ мен осында жұмыс істеген төрт жарым жыл уақыттағы басты мақсатым осы болды», – деді ол.

«Ливерпуль» – қазір Англияның ең танымал клубы. Аналитикалық FootballIndex сайтының мәліметінше, британиялықтардың 8,3 пайызы осы командаға жанкүйерлік етеді. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Салыстыру үшін айтайық, «Манчестер Юнайтедке» корольдік тұрғындарының 6 пайызы, ал «Челсиге» 3,1 пайызы жақтасады.

Келесі турда «Ливерпуль» мен «Манчестер Сити» бетпе-бет кездеседі.

Бұған дейін «Ливерпуль» 19 мәрте чемпион атанған болатын. Ол соңғы мұндай жетістігіне 1989/90 жылғы маусымда жеткен еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button