Бүгін вирус инфекциясынан 4 адам өмірден өтті
АСТАНА. 25 маусым. Бүгін елімізде коронавирус кеселінен тағы 4 адам қайтыс болып, құрбандыққа ұшырағандар саны 140 болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.
Қайтыс болғандардың 3-і Алматы қаласында, 1-і Ақмола облысында тіркелді. Атап айтқанда, Алматы қаласында 1958, 1977 жылы туған әйелдер және 1979 жылы туған ер кісі, Ақмола облысында 1971 жылы туған ер кісі өмірмен қоштасты.
Осы кезге дейін бақилық болғандар мына аймақтардан шықты:
Астана қаласы – 38, Алматы қаласы – 26, Шымкент қаласы – 13, Павлодар облысы – 13, Ақмола облысы – 13, Қарағанды облысы – 10, Түркістан облысы – 8, Батыс Қазақстан облысы – 6, Атырау облысы – 3, Қостанай облысы – 3, Маңғыстау облысы – 2, Қызылорда облысы – 2, Жамбыл облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Ақтөбе облысы – 1.