Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Тәулікте елімізде коронавирустан 7 адам қайтыс болды

АСТАНА. 23 маусым. Кеше кешке дейін Қазақстанда коронавирус кеселінен 7 адам қайтыс болып, құрбандыққа ұшырағандар саны 127-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.

Қайтыс болғандар Астана қаласы мен Қостанай облысында тіркелді. Атап айтқанда, Астанада 1956, 1962, 197 және 1975 жылы туған ер кісілер, 1951 және 1967 жылы туған әйелдер, Қостанайда 1949 жылғы ер кісі жантәсілім етті.

Осы кезге дейін бақилық болғандар мына аймақтарда тіркелді:

Астана қаласы – 38, Алматы қаласы – 20, Шымкент қаласы – 13, Павлодар облысы – 13, Қарағанды облысы – 10, Ақмола облысы – 8, Түркістан облысы – 8, Батыс Қазақстан облысы – 6, Атырау облысы – 3, Қостанай облысы – 3, Маңғыстау облысы – 2, Жамбыл облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Ақтөбе облысы – 1.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button