Коронавирус: Ендігі антирекорд 507-ге барды!
АСТАНА. 22 маусым. Өткен түнде Қазақстанда 507 вирус жұқтыру оқиғасы орын алып, тағы бір антирекорд жасалды. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сүйенген rast.kz хабарлады.
Сонымен, індет жұқтырғандардың жалпы саны 17 732-ге жетті.
Астана қаласы «ұрып» тұр. Ол енді осылай бір секірсе, Алматының алдына түсіп кететін түрі бар. Басында алғашқы үштікке кіріп, көпке дейін осы статусынан айырылмаған Қызылорда облысы біртіндеп сырғып, кестенің екінші жартысының да ортасына дейін барып қалды. Ал Солтүстік Қазақстан соңғы үш күнде бұған дейінгі «жіберіп алғандарының орнын толтырып» жатыр.
Енді түнгі 23:59 сағатта аймақтар бойынша тіркелген көрсеткіштермен таныс болыңыздар:
Астана қаласы – 103, Қарағанды облысы – 58, Атырау облысы – 38, Шығыс Қазақстан облысы – 34, Қостанай облысы – 33, Алматы қаласы – 32, Батыс Қазақстан облысы – 32, Павлодар облысы – 31, Солтүстік Қазақстан – 27, Ақмола облысы – 22, Шымкент қаласы – 19, Түркістан облысы – 19, Ақтөбе облысы – 18, Маңғыстау облысы – 15, Алматы облысы – 10, Жамбыл облысы – 9, Қызылорда облысы – 7.
Тәулікте вирус жұқтырудан «аман» кеткен облыс болған жоқ.
Есепті кезеңдегі елдегі эпидемиологиялық ахуал мынадай:
- Алматы қаласы – 3390
- Астана қаласы – 3348
- Қарағанды облысы – 1897
- Атырау облысы – 1440
- Шымкент қаласы – 1296
- Батыс Қазақстан облысы – 1157
- Ақтөбе облысы – 628
- Жамбыл облысы – 600
- Түркістан облысы – 597
- Алматы облысы – 583
- Қызылорда облысы – 555
- Павлодар облысы – 500
- Маңғыстау облысы – 434
- Шығыс Қазақстан облысы – 429
- Ақмола облысы – 328
- Қостанай облысы – 325
- Солтүстік Қазақстан облысы – 225.