Коронавирус: Кешеден бері тағы 7 адам қайтыс болды
АСТАНА. 16 маусым. Кешеден бері Қазақстанда коронавирус кеселінен 7 адам көз жұмып, бақилыққа аттанғандар саны 88-ге жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.
Осы жолы Қарағанды облысында 1939 және 1949 жылы туған ер кісілер, Батыс Қазақстан облысында 1932 жылғы әйел мен 1941 жылғы ер кісі, Түркістан облысында 1945 және 1974 жылы туған ер кісілер, Алматы қаласында 1965 жылы туған ер кісі қайтыс болды.
Осы кезге дейін мына қалалар мен аймақтарда құрбандықтар тіркелді:
Астана қаласы – 15, Павлодар облысы – 13, Алматы қаласы – 13, Шымкент қаласы – 11, Қарағанды облысы – 9, Ақмола облысы – 6, Батыс Қазақстан облысы – 6, Түркістан облысы – 5, Атырау облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 1, Жамбыл облысы – 1, Ақтөбе облысы – 1.
Кешеден бері 159 адам науқастарынан жазылып, олардың жалпы саны 9 647 болды.
Сауыққандардың өткен тәуліктегі аймақтар бойынша бөлінісі мынадай:
Батыс Қазақстан облысы – 54, Алматы облысы – 32, Алматы қаласы – 23, Жамбыл облысы – 8, Астана қаласы – 7, Қарағанды облысы – 7, Ақтөбе облысы – 7, Түркістан облысы – 7, Шығыс Қазақстан облысы – 6, Қызылорда облысы – 5, Қостанай облысы – 2, Солтүстік Қазақстан облысы – 1.
Бұл тізімде Шымкент қаласы, Ақмола, Павлодар, Атырау, Маңғыстау облыстары аталған жоқ.
Сонымен, осы кезге дейін сауығып шыққандар аймақтар арасында төмендегідей үлес алып отыр:
- Алматы қаласы – 2098
- Астана қаласы – 2008
- Атырау облысы – 994
- Қарағанды облысы – 716
- Батыс Қазақстан облысы – 620
- Шымкент қаласы – 489
- Қызылорда облысы – 457
- Алматы облысы – 389
- Жамбыл облысы – 325
- Ақтөбе облысы – 290
- Түркістан облысы – 282
- Маңғыстау облысы – 265
- Павлодар облысы – 188
- Қостанай облысы – 186
- Ақмола облысы – 159
- Шығыс Қазақстан облысы – 130
- Солтүстік Қазақстан облысы – 51.