Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Лукашенко үкіметті отставкаға жіберді

МИНСК. 4 маусым. Беларусь президенті Александр Лукашенко үкіметті отставкаға жіберді. Бұл туралы БЕЛТА хабарлады.

Ақпарат агенттігі хабарлағандай, мемлекет басшысы осыған орай тиісті жарлыққа қол қойған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Лукашенко кеңес өткізіп, министрлер кабинеті құрамын түбегейлі өзгертпейтінін мәлімдеген еді.

Ол үкіметтен басқа жұмыстарға тек экономикалық дағдарыс кезеңінде өз жұмыс ауқымын атқара алмай жүргендер ғана жіберілуге тиіс екенін атап өткен. Әңгіменің кімдер туралы болып отырғанын Лукашенко ашып айтқан жоқ.

Алдағы 9 тамыз күні Беларусьте президент сайлауы өтеді. Іс басындағы мемлекет басшысы оның әділ және таза өтетінін мәлімдеді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button