Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Қазақстанда үздік жоолардың рейтингісі жарияланды

АСТАНА. 30 мамыр. Бүгін Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының (жоо) рейтингісі жарияланды. Бұл туралы Today.kz хабарлады.

«Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының жыл сайынғы рейтингісі түзілді. Оған көп профильді, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық және педагогикалық бағыттардағы 44 жоғары оқу орны енді», – делінген хабарламада.

Рейтинг нәтижесі бойынша көп профильді жоолар арасында – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ректоры Ғалымқайыр Мүтәнов), техникалық оқу орындары арасында – Satbayev University (ректоры Искандер Бейсембетов), гуманитарлық-экономикалық оқу орындары арасында – КИМЭП университеті (президенті Чан Йан Бэнг), педагогикалық оқу орындары арасында – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ректоры Тахир Балықбаев), медициналық оқу орындары арасында – Семей медициналық университеті (ректоры Ерсін Жүнісов), ал өнер оқу орындары арасында Қазақ ұлттық өнер университеті (ректоры Айман Мұсақожаева) үздік болып танылды.

«Рейтинг кешенді түрде жүргізілді, оның санатына жоғары оқу орындарының академиялық іс-әрекеті, студенттердің үлгерім көрсеткіші, профессор-оқытушылар құрамының жұмысы, ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстары, халықаралық ынтымақтастығы жайы, ақпаратпен қамтамасыз етуі, түлектердің еңбекке орналасу нәтижесі, сондай-ақ жұмыс берушілер алдындағы беделі мен тәуелсіз сарапшылардың пікірлері кірді, ал биылғы жылы оған тағы студенттер мен жооны бітіруші түлектер пікірлері қосылды», – деді білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктегілер.

Хабарланғандай, сарапшылардан, жұмыс берушілерден, жоо студенттері мен бітіруші трлектерден электронды пошта арқылы сауалдамаға жауаптар алынған. Бұған 500 жұмыс беруші, 150 сарапшы, 3 000 студент және 2 000 түлек қатысқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button