Елімізде COVID-19-ға қарсы вакцина сынақтан өткізіледі
АСТАНА. 18 мамыр. Қазақстан ғалымдары жаңа коронавирусқа қарсы өздері жасап шығарған инактивті вакцинаны емдеуге дейінгі сынақтан өткізуді бастады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Мұны бүгін республика Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қазақстандық ғалымдардың жасап шығарған жаңалығын тіркеуден өткізіп, оны өзінің ресми сайтындағы емдеуге дейінгі сынақтан өткізуге рұқсат етілген COVID-19-ға қарсы вакциналық үміткерлер тізіміне орналастырды. Аталмыш инактивті вакцинаны Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі ғылым комитетінің биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері жасап шығарды», – делінген хабарламада.
Вакцина республика территориясында індет жұқтырғандардың вирусы штаммы негізінде жасалған.
«Енді институт ғалымдары алдында емдеуге дейінгі бірнеше сынақты өткізу міндеті тұр. Осылайша, Қазақстан COVID-19-ға қарсы вакциналарды жасаушылардың қатарына ресми түрде еніп отыр», – деп түсіндірді министрліктегілер.