Пашинянның атасы нацистерге қызмет етіпті
ЕРЕВАН. 12 мамыр. Бірқатар ақпарат құралдарында Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянның атасы соғыс кезінде фашистерге қызмет еткені туралы ақпар тарап жатыр. Бұл туралы rusimir.com сайты хабарлады.
«Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында жұрттың әлеуметтік желілерде өз аталарының тарихы мен суреттерін жариялап жатқанын көріп, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян да өзінің ардагер атасының рәсімін ұсынғанды жөн көріпті. Оның да аты-жөні «Никол Пашинян» екен.
Бірақ премьер-министрдің атасы суретін жариялауы сол-ақ екен, бірден оның 1943 жылы нацистік Германия сапында, атап айтқанда, армян сатқыны Гарегин Нжденің легионында соғысқаны туралы комменттер толып кетті.
Артынша армянның бірқатар БАҚ-тары бұл деректің шындық екенін расқа шығарды. Мәселен, Yerevan.today бірден оны айғақтап, өзінде «Жаулар сапында опат болды: Николай Пашинянның үлкені туралы мәліметтер» деген материалды жарыққа шығарды. Оны magnis.news орысшаға аударып басты.
Сол сияқты obd-memorial.ru сайтында Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен және жауға қызмет еткендер туралы мәліметтер орын алып, онда премьер-министрдің атасы да атап көрсетілді. Онда былай деп жазылған:
«Туған күні – 23․12․1913
Туған жері – Армян КСР, Енокаван
Тағдыры – жауға қызмет етіп, қаза тапты
Өлім мерзімі – 29․09․1943»
Армения премьер-министрі нің атасы туралы ұсынған мәліметтер мен іздестіру сайтындағы деректер бір-бірімен сәйкес келмейді. Соңғысында Николай Вартанович Пашинянның 1913 жылы Армян КСР-нің Енокаван селосында туып, 1943 жылы қаза тапқаны атап көрсетілген.