АҚШ Айдан қазба байлық тасып әкелмекші
ВАШИНГТОН. 6 мамыр. Құрама Штаттар президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Айдың бетінен пайдалы қазба байлықтарын өндіру туралы халықаралық келісімнің жобасын дайындап жатыр. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
АҚШ әкімшілігі келісімшарт жасасатын елдердің алдыңғы лектегі тізімінде Ресей жоқ.
Агенттіктің мәліметінше, «Artemis Accords» деген атау алған келісім «тікелей жақын маңда жұмыс жасайтын бәсекелес елдер немесе компаниялар тарапынан болатын шығын келтіру мен іске араласуға ұмтылуларын ауыздықтау» мақсатында Айда келешекте орналасатын баздың төңірегінде «қауіпсіздік аймағын» жасауды ұсынады. Бұдан бөлек, Айдағы ресурстарды өндіретін компаниялар сол ресурстардың меншік иесі болып табылатын болуы үшін құжат жіберілген.
Агенттік атап өткендей, АҚШ-тың лауазымды тұлғалары жақын апталарда Канада және Жапония сияқты елдермен, ЕО мемлекеттерімен, сондай-ақ БАӘ-мен келісімді ресми түрде талқылайды.
НАСА өткен жылы үш кезеңнен тұратын Artemis атты Ай бағдарламасын жариялаған болатын. Оның соңғы кезеңінде Айға астронавтар апарылып түсіріледі.