Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Францияда маусым аяқталды. Чемпион – «ПСЖ»

ПАРИЖ. 30 сәуір. Франция чемпионатының басшылығы коронавирус пандемиясы салдарынан маусымды мерзімінен бұрын аяқтауға шешім қабылдады. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» газеті хабарлады.

Турнирдің осы кезге дейінгі қорытындысы бойынша «Пари Сен-Жермен» чемпион болып танылды. Ол маусым тоқтатылған кезде 27 ойыннан 68 ұпай жинап, көш басында келе жатқан болатын. Одан кейінгі екінші орында тұрған «Марсельде» 56 ұпай болды. Кестенің үшінші сатысына «Ренн» командасы орналасты.

Осымен «ПСЖ» тоғызыншы мәрте чемпион атанып отыр, соның ішінде үшінші жыл қатарынан алтын жүлде алды.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button