26 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ЕП АҚШ-тан Францияға Бостандық мүсінін қайтаруды талап етті

17 Наурыз 2025 18:20
- Жаңалықтар, Таным
ЕП АҚШ-тан Францияға Бостандық мүсінін қайтаруды талап етті
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БРЮССЕЛЬ. 17 наурыз. Еуропарламент мүшесі Рафаэль Глюксман АҚШ билігінен Францияға Бостандық мүсінін қайтаруды талап етті. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Парламентарийдің солшыл центристік Place publique партиясы мүшелерінің алдында 16 наурыз, жексенбі күні сөйлеген сөзіне қарағанда, АҚШ-тың қазіргі президенті мен оның әкімшілігі өз шешімдері арқылы бостандық құндылықтарын оншалықты мойындай қоймайтындарын көрсетуде.

Украинаны белсене қолдайтын Глюксман өз сөзінде Уашингтонның Мәскеуге жақындаса бастағанын айыптады. Оның айтуынша, АҚШ «тирандар жағына шығуға шешім қабылдаған». Бұдан бөлек, француз саясаткері Дональд Трамп әкімшілігін өздеріне ғылыми еркіндік беруді талап еткен ғалымдарды жұмыстан қуды деп сынады.

Осыған байланысты Еуропарламент депутаты АҚШ-ты Бостандық мүсінін Францияға қайтаруға шақырды. «Біз оны сіздерге сыйлағанбыз, бірақ сіздер қазір одан тыжырынатын сияқтысыздар», – деді ол америкалықтарға арнап.

Бостандық ескерткіші Францияда мүсінші Огюст Бартолдидің жетекшілігімен жасалған. Ол француздардың америкалықтарды қолдаған тәуелсіздік жолындағы жүз жылдық соғысының құрметіне Францияның АҚШ-қа берген сыйы болды. Биіктігі 46 метрлік мыс мүсін 1886 жылы Нью-Йорктегі Бостандық аралына қойылған. AFP осы орайда бір кездері көрші Эллис-Айленд аралынан АҚШ-ға кіруге рұқсат алуды күткен миллиондаған иммигранттар үшін ол жақсы өмірге деген үмітті білдіретін еді.

Глюксманның шақыруының қаншалықты маңызды екенін айтып жатудың қажеті болмас, алайда бұл Дональд Трамптың популистік саясатына өте-мөте дөп келетін әрекет болып табылады.

АҚШ-тың іс басындағы президенті өзінің инаугурацияна дейін-ақ Аляскадағы Денали шыңының атауын «МакКинли шыңы» деп өзгертуге уәде берген еді. Әдетте атаудың бірінші нұсқасы түпнұсқа болып саналады, Алясканың жергілікті тұрғындары арасында сол атау кең таралған. Бір кездері осы аймақты отарлап алған Ресей империясы шыңның жергілікті тілдерден алынған шың атауын сол қалпында қолданған, алайда 1896 жылы Алясканы АҚШ отарлаған кезде тау шыңы «МакКинли шыңы» болып өзгертілген. Ал 2015 жылы АҚШ-тың сол кездегі президенті Барак Обама тауға өзінің «Денали» тарихи атын қайтаруға бұйрық берген. Енді Трамп күшпен таңылған екінші атауға қайта оралуды көздеп отыр.

Трамптың Мексика шығанағын «америкаландыруға» деген ұмтылысы да үлкен әбестік болып тұр. Трамп инаугурациядан кейінгі алғашқы күндері ашылғаннан бері «Мексика шығанағы» аталып келе жатқан бұғазды «Америка шығанағы» деп өзгертуге бұйрық берді. Сонымен қатар, Трамп тарихи шешімдерді «кері қайтаруға» көбірек дөрекі әрекеттер жасауда, ол 1977 жылы екі ел арасындағы келісімдерге сәйкес пайдалану үшін Латын Америкасы мемлекетіне берілген Панама каналын АҚШ-тың бақылауына қайтарып аламын деп қоқаңдап жатыр. АҚШ президенті Панаманы БҰҰ-ға шағымдануға мәжбүр еткен каналды күштеп басып алу мүмкіндігін де жоққа шығармады.

Таңбалар: АмерикаБостандық мүсініфранция

Ұқсас мақалалар

Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)
Жаңалықтар

Англия мундиал қола медалі үшін таласта Францияны ту-талақай етіп ұтты (видео)

19.07.2026
Испания экс-премьері Франция құрамасы жайлы сөзі үшін сынның астында қалды
Әлеумет

Испания экс-премьері Франция құрамасы жайлы сөзі үшін сынның астында қалды

13.07.2026
Француздар әлем чемпионатының жартылай финалына бірінші болып шықты
Жаңалықтар

Француздар әлем чемпионатының жартылай финалына бірінші болып шықты

10.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist