Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Франция «үлкен соғысқа» кірісетін уақыт жақын деп есептейді

ПАРИЖ. 2 қыркүйек. Франция билігі «үлкен соғысқа» әзірлене бастамаса болмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Le Figaro газетінің ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Ресейдің лаңы жуық арада бітпейді және ол өз бетінше тоқтамайды. Сондықтан Франция алда күтіп тұрған «үлкен соғысқа» дайындала бастады. Осыған орай ауруханаларға 2026 жылдың наурызына қарай бұрқ ете қалуы ықтимал қарулы қақтығысқа әзірлене беру тапсырылды.

Франция билігі денсаулық сақтау министрлігінің өңірлік агенттіктері арасына болуы әбден мүмкін осы қарулы қақтығысқа дайындалу жөніндегі нұсқанама таратты.

Аталмыш құжатта 2026 жылдың наурыз айына дейін көлік тораптары –  автовокозалдар, теміржол станциялары мен порттар жанынан медициналық орталық ашу қарастырылған. Орталықтардың барлығы жағдай асқына түскен күндерде 250 жаралыны қабылдауға дайын болуы тиіс. Екі айдың беделінде әрбір орталық 100-ге жуық пациентті қабылдайтын болады.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button