АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанда індетке іліккендер саны 3 мыңнан асты

АСТАНА. 29 сәуір. Қазақстанда кеше түстен бүгін таңертеңге дейін коронавирус жұқтырып алғандар саны 112-ге өсіп, барлығы 3063-ке жетті. Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасаған rast.kz хабарлады.

Енді соңғы 13 күннің республикадағы хроникасына шолу жасасақ, көз алдымызға мынадай картина келер еді: 17 сәуірде – 139; 18 сәуірде – 121; 19 сәуірде – 63; 20 сәуірде – 81; 21 сәуірде – 214; 22 сәуірде – 76; 23 сәуірде – 166, 24 сәуірде – 143; 25 сәуірде – 148; 26 сәуірде – 160; 27 сәуірде – 128; 28 сәуірде – 170; 29 сәуір – 112.

Сонымен, кешегі түстен бүгінгі таңертеңге дейінгі 112 дерек былай бөлініске түседі: кеше сағат 13:15-те – 32 дерек; сағат 17:40-та – 37 дерек, сағат 22:20-да – 8 дерек; ал бүгін таңертеңгі сағат 09:10-да 35 дерек тіркелді.

Бірінші есепте (32) Алматы қаласынан – 16, Атырау облысынан – 4, Павлодар облысынан – 4, Ақтөбе облысынан – 4, Қарағанды облысынан – 3, Қызылорда облысынан – 1; екінші есепте (37) Алматы облысынан – 12, Алматы қаласынан – 10, Ақтөбе облысынан – 4, Қызылорда облысынан – 3, Қарағанды облысынан – 3, Астана қаласынан – 2, Ақмола облысынан – 1, Маңғыстау облысынан – 1, Шығыс Қазақстан облысынан – 1; үшінші есепте (8) Астана қаласынан – 4, Жамбыл облысынан – 3, Қызылорда облысынан – 1; ал бүгін таңертеңгі төртінші есепте (35) Астана қаласынан – 7, Шымкент қаласынан – 6, Алматы қаласынан – 5, Атырау облысынан – 3, Түркістан облысынан – 3, Ақмола облысынан – 3, Жамбыл облысынан – 2, Қостанай облысынан – 2, Маңғыстау облысынан – 2, Батыс Қазақстан облысынан – 1, Павлодар облысынан 1 оқиға шықты.

Тәулік тәулік ішінде пайда болған 112 оқиға аймақтар арасында мынадай бөлініске түсті: Алматы қаласы – 31, Астана қаласы – 13, Алматы облысы – 12, Ақтөбе облысы – 8, Атырау облысы – 7, Шымкент қаласы – 6, Қарағанды облысы – 6, Қызылорда облысы – 5, Павлодар облысы – 5, Жамбыл облысы – 5, Ақмола облысы – 4, Түркістан облысы – 3, Маңғыстау облысы – 3, Қостанай облысы – 2, Батыс Қазақстан облысы – 1, Шығыс Қазақстан облысы – 1.

Бұл тәулікте «аман» кеткен жалғыз Солтүстік Қазақстан облысы болды.

Қазіргі сағаттағы эпидемиологиялық ахуал мынадай: Алматы қаласы – 924, Астана қаласы – 612, Қызылорда облысы – 187, Шымкент қаласы – 182, Қарағанды облысы – 139, Атырау облысы – 131, Батыс Қазақстан облысы – 127, Түркістан облысы – 124, Павлодар облысы – 122, Жамбыл облысы – 113, Алматы облысы – 113, Ақмола облысы – 98, Ақтөбе облысы – 65, Қостанай облысы – 45, Маңғыстау облысы – 34, Солтүстік Қазақстан облысы – 30, Шығыс Қазақстан облысы – 17.

Осы кезге дейін республика бойынша 774 адам жазылып шықты. Олар мына қалалар мен аймақтардың үлестеріне тиеді: Астана қаласы – 221, Қызылорда облысы – 111, Алматы қаласы – 102, Атырау облысы – 60, Ақмола облысы – 60, Қарағанды облысы – 46, Жамбыл облысы – 43, Түркістан облысы – 29, Шымкент қаласы – 29, Солтүстік Қазақстан облысы – 25, Ақтөбе облысы – 10, Алматы облысы – 10, Батыс Қазақстан облысы – 9, Шығыс Қазақстан облысы – 7, Маңғыстау облысы – 5, Қостанай облысы – 3, Павлодар облысы – 3.

Қайтыс болғандар саны – 25. Бұлар Алматы қаласында (8), Ақмола облысында (4), Шымкент қаласында (4), Астана қаласында (3), Қарағанды облысында (1), Түркістан облысында (1), Павлодар облысында (1), Шығыс Қазақстан облысында (1), Қостанай облысында (1), Маңғыстау облысында (1) тіркелді.

Ескертпе. Біз коронавирус инфекциясы тарауы деректерін күніне бір рет қана, осылайша таңертең жасалатын тәуліктік жиынтық мәлімет бойынша ұсынып тұрмыз.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button