Помпео ковидтің кең тарауына Қытайды кінәлайды
ВАШИНГТОН. 25 сәуір. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы США Майкл Помпео COVID-19 вирусы жөніндегі мәліметтерді дер кезінде жарияламағаны үшін Қытай жауап беруге тиіс деп есептейді. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Помпео өзінің сөзінде жаңа коронавирустан туған сырқаттың бұрқ ете қалуына Қытай билігінің айыпты екеніне сенімді екенін білдірді.
Fox News телеарнасының эфирі кезінде жүргізуші оған Қытайдың вирусты таратудағы әрекетін Америка әкімшілігінің қалай бағалайтыны туралы сұрақ қойды. Сол кезде мемлекеттік хатшы осы әрекеттердің нәтижесінде «адамдардың орасан көп мөлшерінен айрылып қалғандарын» әңгімеледі.
«Қазір енді әлем және Америка экономикасы үшін үлкен проблемалар туындап отыр, – деп атап көрсетті Помпео кезекті мәрте, өзінің пікірінше, мұның бәріне саналы түрде аурудың алғашқы кезеңіндегі жарқылы жайлы ақпарды жасырып ұстаған Қытай тарапының кінәлі екеніне салмақ сала тұрып. – Біздің Қытай коммунистік партиясымен қарым-қатынасымызда бұрынғысынша толық дәрежесіндегі ашықтық жоқ. Біз әлі күнге дейін көп нәрседен хабарсыз екенімізді біліп отырмыз».
«Қытай коммунистік партиясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия өз елдерінде туып жатқан кезде жасауға тиісті нәрселерін жасаған жоқ», – деп түйреп өтті Помпео.
Жүргізушінің сұрақты нақтылап қоюына байланысты ол «Қытай компартиясы істеген нәрселері, тым құрығанда, АҚШ-қа істегені үшін төлем төлейтінін» атап көрсетті.
«Оның қандай формада болатынын мен білмеймін, – деді мемлекеттік хатшы. – Қазір біз бар назарды америкалықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен тәуекелдің тегеурінін төмендетуге аударып жатырмыз».