Иранда ковид ушықты: бір тәулікте ауырғандар 42,5 мыңнан асты
ТЕГЕРАН. 11 тамыз. Иранда бір тәуліктің ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 42,5 мың адамнан асып түсті. Бұл туралы парсының ИРИ агенттігі хабарлады.
«Өткен тәулікте Иранда 42 541 адамның жаңадан ковид жұқтырып алғаны анықталды. Олардың 4 865-і ауруханаларға жатқызылды», – делінген хабарламада.
Иран денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, пандемия басталғалы бері парсы елінде коронавирус жұқтырып алғандардың жалпы саны 4 281 217 адамға жеткен екен. Қазір 6 932 адам ауруханаларды интенсивті ем алып жатыр.
Елде ковидтің жаңа текті инфекциясынан өткен тәулікте қайтыс болғандар саны 536 болды. Ал жалпы саны бүгінде 95 647 адамға жетті.
Өткен тәулік ішінде Қазақстанда коронавирус жұқтырып алған 7 521 адам айғақталды. Бұдан бөлек, тағы 588 адам пневмания дертіне ұшырады. Ал Өзбекстанда осы уақытта – 903, Қырғызстанда 602 адам ковид жұқтырған болып шықты.
Мына індетпен шынында ойнауға болмайды екен. Барған сайын қарқын алып барады. Ирандағы мына жағдайдың өзі кеселдің қолдан ұйымдастырылып жасалып жатқанына күмән келтіреді. Басқа-басқа, күллі әлеммен жауласып отырған Иран бұған бармаса керек. Оған адамын сақтап қалғаннан артық ештеңе жоқ.